Абай (Ибраһим) Құнанбаев Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1 том.

1957 жылы Алматы қ. Қазақтың мемлекеттік Көркем әдебиет баспасынан шыққан бұл толық жинақтың 1-ші томына Абайдың өлеңдері мен поэмалары кірген. Ақынның шығармалары кітапта хронология бойынша орналастырылып, 1855 – 1903 жылдары шыққан өлеңдерді қамтиды. Кітапта берілген ақынның бұрын басылған кейбір өлеңдерінің текстері анықталып, оларға түзетулер енгізілген.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.        

                                Абай