Абай. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ

1990 жылы Алматы қ. «Жалын» баспасынан шықты. Жинақта тұңғыш рет Абайдың махаббат лирикасы топтастырылылған. Олар кітаптың бірінші бөліміне кірді. Сонымен қатар ақынның Пушкин және Лермонтовтан аударған ғашықтық жырларын да осы бөлімнен табуға болады.

Екінші бөлімінде ұлы ақынның жастарға тікелей арнаған үлгі-өнеге өлеңдері бар.

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да,

Дүниеде, сірә сендей, маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да.                                        

Абай