«Ақындыққа бала жастан ғашық»

Бүгінгі эфир жезкиік ақын, кенші ақын атанған мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толуына арналады. Кәкімбек Салықов Біржан сал мен Ақан сері, Үкілі Ыбырайлардың жолын жалғаған бірегей дарын иесі. Ол өзінің ғибратты өмірінде мемлекеттік қызмет пен табиғат берген ақындық дарынын қатар алып жүрген жан. Оның нәзік те сыршыл жүрегінен халық сүйіп оқитын талай-талай жыр кітаптары мен әуезді әнге арқау болған өлең жолдары туды. Өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Жақсыгелді Сейілов, Жағыпар Әлімханов, жалпы алғанда, алпыстан астам композитор бес жүзден астам ән жазыпты. Жанынан шығарған өз әндері де көп.
Ол әдебиетке өмірдің өзінен, қайнаған өндірістің ортасынан, халық ішінен келген. Кәкімбек ақын өлеңдерін оқыған сайын халыққа тән дарқан мінезді, кең пейілді, жан сұлулығын көреміз.
Кәкімбек Салықов – ақындығы мен әкімдігін ұштастыра білген біртума дарын иесі. Кеншілік пен ақындық ол үшін екі құбылыс. «Ақындыққа бала жастан ғашық» болып, еңбек жолын кеншіліктен бастаған ол өз бойына екеуін де сыйдыра білді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги