Ақпараттық сағат «Нашақорлық – қоғамға төнген қауіп»

2022 жылдың 22 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде 26 маусым – Бүкіләлемдік нашақорлықпен күрес күніне орай «Нашақорлық – қоғамға төнген қауіп» атты ақпараттық сағат өтті.
Ақпараттық сағатты кітапханашы Дамира Серікбаева өткізді.
Ол бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет – нашақорлық туралы, есірткілерді пайдаланудың қауіптілігі, қолданудың белгілері, қолданғаннан кейін бала тәртібінде байқалатын өзгерістер жайында, есірткінің зардабы мен асқынуы және нашақорлықпен күресу жолдарына жеке-жеке тоқталды.
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбіне батпай, ата-бабаларымыз бізге аманат еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, біріге көкке көтерейік!
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #НашақорлықҚоғамғаТөнгенҚауіп