95 жыл — Жамбыл Жабаев — «Заман ағымы» (1927)

«Заман ағымы» – ұзақ толғау жыр. Ол 1927 жылы жер бөліс кезіндегі бір жиында айтылған. Мұнда ақын өзінің туған халқы бастан кешкен тарихи кезеңдер мен уақиғаларды эпикалық сарында жыр етеді. Өзі көрген халық өмірінің ауыр күйлері жырда кедей-жалшылар өмірінің суреттері, әйелдердің теңсіздіктегі тіршілігі арқылы көрініс табады. Елді алдап сорған, қанаған бай-болыстар, молда-қожалар, саудагерлер жайы сөз болады. Ақын заман ағымының өзгергенін айтып, жаңа өмір таңы атты деген сенімін жырға қосады. Жырда Жамбыл өзі куә болған халық өмірінің екі кезеңі ақындық шендестірулер арқылы көркем суреттеледі.

Қазақша оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1168776 268-інші бетінен (Казахстанская национальная электронная библиотека)

К НАЧАЛУ ВЫСТАВКИ