«Сырдария» романы — Сәбит Мұқановтың өмірді кең бейнелейтін көлемді шығармасының бірі. Атақты шығарма боп аты дүркіреп, қаламгер есімін де алысқа әйгіледі.
Солтүстікте туған қаламгер оңтүстік тумасы – Сыр күрішін өмірге әкелген кейіпкер – диқан Сырбайдың адамдық бейнесі мен өзі көріп-білмеген дақылдың бары мен жоғын тәптіштеп керемет шығарма жазды. Романда диқан бейнесімен қатар соғыс жылдарында алыс ауылдағы қарапайым еңбек адамдарының ерлікке пара-пар қажырлы еңбегі шынайы суреттеледі.
Орыс және басқа тілдерге аударылған роман Одақтық әдебиеттің озық жетістігі ретінде бағаланды.
1953 жылы Мәскеуде орыс тіліне аударылған.
Читать на русском: https://elib.skolib.kz/catalog/item217.html (Электронная библиотека ОУНБ им. С.Муканова)