65 жыл — Махамбет Өтемісұлы — Өлеңдер жинағы (1957)

Өлеңдер жинағы. Махамбет Өтемісұлы – қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында, ақ найзасымен, азаткер асқақ жырымен, қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған әрі батыр, әрі ақын. Махамбет поэзиясы азаматтық деп аталады: оның барлық жолдарында халқына, жеріне деген махаббат тынысы жатыр.

Махамбеттің шығармашылық мұрасы – жүзге жуық өлең. Өздеріңізге белгілі жайт, ол өлеңдерін қағазға түсірмеген. Шернияз, Бекет, Мұрат, Лұқпан ақындар Махамбеттің ақындық мұрасын ұрпаққа сақтап қалдырды. Махамбет ақындығына қатар шебер күйші болды. Оның 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді.

Махамбет өлеңдері орыс тіліне бір емес, бірнеше рет аударылып, 1940 жылдан бастап хрестоматияларға енгізіліп, жеке жинақтарда бірнеше рет жарияланды.

Қазақша оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1582888 (Казахстанская национальная электронная библиотека)

К НАЧАЛУ ВЫСТАВКИ