60 жыл — Сәуірбек Бақбергенов — «Қарға тамған қан» (1962)

«Қарға тамған қан». Сәуірбек Бақбергенов – «Қайран шешем» романының, «Талғат», «Бозторғай», «Қоянкөлге құлаған жұлдыз», «Адам және көлеңке» повестерінің және көптеген әңгімелер жинағының авторы. Жазушы – Ұлы Отан соғысына қатысушы. Ол кадрлық әскери қызметкер, 1941 жылы Псков түбіндегі ұрыстарға қатысып, генерал Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизияның байланыс офицері қызметін атқарды. «Қарға тамған қан» романы Великий Лук пен Холм аймағында біздің әскерлеріміздің белсенді қорғаныс кезеңін көрсетеді. Роман кейіпкерлері – даңқты Панфилов дивизиясының жауынгерлері.

Кітапқа сондай-ақ қазақ халқының ұлы перзенті – Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов туралы повесть енген.

К НАЧАЛУ ВЫСТАВКИ