Жазушы «Қатерлі өткел» романында астарлы түрде ол кезде аттарын атаудың өзіне тыйым салынған Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаевтың бейнелерін сомдайды. Олардың аузына «Ұлт тəуелсіздігі» дейтін сол заманда ешкімнің ойы түгіл, түсіне кірмеген сөздерді салады. Жазушы бұл жаңа романында еңбекші халыққа бостандық, теңдік, бақыт әперген ұлы күш, ең демократияшыл құрылыс – советтік құрылыстың қазақ даласында қалай қалыптасқанын бейнелеуді мақсат еткен.
Автор осы негізгі идеясын өзектей отырып, романның сюжеттік желісі етіп өмірдің алуан түрлі салаларын, қазақ интеллигенциясының басынан өткен бұрылысы мен бұлтарысы көп, қиын кезеңдерін алған. Оны романның бас кейіпкері Бүркіттің іс-әрекетінен, оның алғашқы қателесу жолынан бастап, кейін советтік құрылыстың адал, творчестволық қайраткері дәрежесіне қалай жеткенін суреттейді.
Қазақша оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1106039 (Казахстанская национальная электронная библиотека)
Читать на русском: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1178050 (Казахстанская национальная электронная библиотека)