160 жыл — «Ер Тарғын» (1862)

«Ер Тарғын» — қазақтың батырлық эпосы (жыр), халықтың тарихи игілігі. Эпоста сипатталған оқиғалар Алшын тайпаларының тарихымен байланысты. Алғаш рет «Ер Тарғын» жырын 1859 жылы орыс шығыстанушысы Н. Ильминский ақын Марабайдан жазып, 1862 жылы Қазанда жариялады.

«Ер Тарғын» жырының көркемдік ерекшеліктері, сюжеттік желісі, образдары хақында М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан, С. Мұқанов, т.б. ғалым-жазушылар зерттеулер жазды.

Эпостың негізгі идеясы – ерлік пен батырлықты дәріптеу, ел бірлігін сақтау, кіршіксіз махаббат. Эпостың кейіпкері – батыр, халықтың қорғаушысы, жат басқыншылардан Отан қорғаушысы ретінде ұсынылған.

«Ер Тарғын» Е. Брусиловскийдің аттас операсы сюжетінің негізіне алынған.

Қазақша оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1570584 126-ншы бетінен (Казахстанская национальная электронная билиотека)

Читать на русском: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1177517 (Казахстанская национальная электронная библиотека)

Арабша оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1171540 (Казахстанская национальная электронная библиотека)

К НАЧАЛУ ВЫСТАВКИ