105 жыл — Мұхтар Әуезов — «Еңлік – Кебек» (1917)

«Еңлік-Кебек». 20 жасында М. Әуезов өзінің тұңғыш көлемді туындысы «Еңлік-Кебекті» жазды. Шекспирдің Ромео мен Джульетта туралы хикаясымен желілес бұл пьеса күні бүгінге дейін қазақ сахнасынан түспей келеді. «Еңлік-Кебек» ең алғаш 1917 жылы Абайдың әйелі Әйгерімнің ауылында сахнаға қойылса, 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып басылып шықты. 1923, 1943, 1956 жылдары пьеса бірнеше рет қайта өңделді.

1926 жылы Қазақтың Мемлекеттік драма театры да осы «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылған. Спектакльдің үшінші нұсқасы 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде жоғары бағаланды.

Онлайн оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1177362 127-нші бетінен (Казахстанская национальная электронная библиотека)

К НАЧАЛУ ВЫСТАВКИ