100 жыл — Сұлтанмахмұт Торайғыров — «Кедей» (1922)

«Кедей» поэмасын ақын туған елі Баянауылда жүрген кезде жазған. Алғаш рет 1922 жылы «Адасқан өмір» жинағында жарияланды. Барлық жинақтарда жарияланып келеді. 1993 жылғы нұсқа негізге алынды.

«Кедей» поэмасы – лирикалық реалистік поэма. Шығармадағы лирикалық кейіпкер кедей арқылы өзінің демократтық ой-пікірін айқынырақ білдіре, таныта түскен. Кедейдің аянышты халін суреттеуі көңілге қонымды, өмірдегі шындықты талғап береді. Поэма басталуында берілген картина үлкен әлеуметтік мәселеге меңзейді. Дене тітіркентер сүреңсіз табиғаттың аясында итпен бірге кедейдің қой күзетуі – оның малының жоқтығы, қоғамдағы теңсіздігі «бай қамшысы арқасын осып өткені» бейшара өмірінің шындығы.

Қазақша оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1168587 181-інші бетінен (Казахстанская национальная электронная библиотека)

Читать на русском: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1107474 со 107-й страницы (Казахстанская национальная электронная библиотека)

К НАЧАЛУ ВЫСТАВКИ