100 жыл — «Қамбар батыр» (1922)

«Қамбар батыр» – қазақ халқының қаһармандық жыры. Жырдың 19 нұсқасы белгілі.

«Қамбар батыр» – жоғары поэтикалық шығармалардың бірі, кейіпкерлердің мінездері мен әрекеттерін ашатын әрбір оқиға, болмашы түйіндер икемділігімен, мәнерлілігімен ерекшеленеді, эпоста эпитеттер, салыстырулар, метафоралар, метонимиялар көп.

1902 ж. Әбубәкір Диваев жазып алып, 1922 ж. Ташкентте бастырған.

1930-жылдары Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезовтер жариялап, 1957 ж. жеке жинақ болып шыққан. Қазақ даласының әр түрлі аймақтарынан жазылып алынған жырдың өзіндік ерекшеліктері бар.

Қазақша оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1575384 133-нші бетінен (Казахстанская национальная электронная библиотека)

Читать на русском: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1177517 289-ыншы бетінен (Казахстанская национальная электронная библиотека)

К НАЧАЛУ ВЫСТАВКИ