Итеке батыр Жандосұлы

ИТЕКЕ БАТЫР Жандосұлы (1759, Солт. Қазақстан обл. Шал ақын ауд. Коновалов а. орнындағы қоныс — 1831, сонда) — қазақ-жоңғар соғысының батыры. Ауыл молдасынан, кейіннен Қазан қ-ндағы медреседе оқыған. Мұнда діни біліммен қатар. араб, парсы ежелгі түркі және татар тілдерін үйренген. "Қошмұхамед қонысы" кейіннен И. б-дың әкесінің атымен "Жандос қонысы" деп аталған. И. б-дың ұлы Аулабай ірі билердің бірі болған. 1830 ж. Аманқарағай округі құрылған кезде И. б. аға сұлтан Жалбыр Абдуллиннің бірінші орынбасары болып сайланған. Меккеге барып. қажылық сапарын өтеп қайтқан. Өз ауылында әкесі ашқан мешіт пен медресені қаржыландырып отырған.

Возможно вам будет интересно

"Makerspace. Технологии будущего. Часть 3"

"Makerspace. Технологии будущего. Часть 3"

Тікелей эфир танымдық сағат «Ғарыш қыраны»

Тікелей эфир танымдық сағат «Ғарыш қыраны»

Нуржанова Раиса Нургалиевна

Нуржанова Раиса Нургалиевна